Ян Кубиш БҰҰ Ливия арнайы өкілі болды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливия арнайы өкілдігі қызметіне славакиялық дипломат Ян Кубиш тағайындалды.

1566474
Ян Кубиш БҰҰ Ливия арнайы өкілі болды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Гассам Селаменің отставкаға кетуімен босаған орынға  Кубишті тағайындағанын жариялады. 

Италия  үкіметі БҰҰ арнайы өкілдік міндетіне славакиялық дипломат Ян Кубиштің тағайындалуына риза болғанын білдірді. 

Италия сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Ян Кубиштің БҰҰ Ливия арнайы өкілдігі қызметіне тайындалуының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бекітілуіне риза болды" деген сөздер қолданылды. 

Мәлімдемеде Кубиштің тағайындалуының Ливияның тұрақтылық процесінде БҰҰ-ның қадамдарына сәйкес және Италияның да табандылықпен қолдау көрсеткен маңызды бір тағайындау екені білдірілді. 

Ян Кубиш бұрын БҰҰ Ливан арнайы координаторы және БҰҰ Ирак арнайы өкілі міндеттерін атқарған. 

İ



Ұқсас жаңалықтар