Бартында батқан Ресей кемесіндегі 4 кісі қаза тапты

6 кісінің  Жағалау қауіпсіздік топтары тарапынан  құтқарылғаны білдірілді.

1565339
Бартында батқан Ресей кемесіндегі 4 кісі қаза тапты

Бартынның Инкуму су айдынында батқан Ресей байрағын ілген жүк кемесіндегі 4 экипаж қаза тапты, 6 экипаж құтқарылды. 

Жүк кемесі теңіздің мөлшермен 200 метр астында батқаны, кеменің экипажындағы 4 кісі қаза тапқаны, 6 кісінің  Жағалау қауіпсіздік топтары тарапынан  құтқарылғаны білдірілді.

Бартын әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде кемедегі өзге қызметкерлерді құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны хабарланды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару жұмыстарына қолдау беру үшін Теңіз Күштері қолбасшылығынан бір фрегаттың жолданғанын жариялады.   



Ұқсас жаңалықтар