Балмұздақта коронавирус табылды

Қытайда бір компания жабылды, балмұздақтар қайтадан жиналды.

1565983
Балмұздақта коронавирус табылды

Қытайдың бас қаласы Пекин маңында Тианжин қаласында өндірілген балмұздақта коронавирус табылды.

Лауазым иелері балмұздақ жасалған Daqiaodao Food компаниясының жабылғанын және қызметкерлеріне коронавирус тесті жасалғанын білдірді. Вирус табылған балмұздақтардың жиналғаны, 29 мың құтының әлі сатылмағаны, сатылғандардың да қайта жиналғаны атап көрсетілді.

Үкімет балмұздақ жасалған сүт ұнтағының Жаңа Зеландиядан, қолданылатын сұйықтығының да Украинадан келгенін хабарлады.

Пекин үкіметі бірінші рет 2019 жылдың аяғында Ухань қаласында анықталған вирустың шетелден сатып алынған азық-түлікпен келгенін алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар