Израильдің Дейризор шабуылында 60 террорист өлтірілді

Шетелдік 49 террорист залалсыздандырылған шабуылда  режим армиясынан бір офицерді қамтыған 11 әскер қаза тапқан.

1563097
Израильдің Дейризор шабуылында 60 террорист өлтірілді

Израильдің Сирияның шығысындағы Дейризор уәлаятына түнде ұйымдастырған әуе шабуылында Башар Асад режимі армиясы мен Иран Төңкеріс қорғаушылар армиясының басқаруындағы шетелдік террористтік топтардан 60 адам өлтірілді.

Израиль әскери ұшақтары түн ортасында Сирияның шығысындағы Дейризор уәлаяты қала орталығы мен таулы аймақтарына бағыттаған әуе шабуылында Башар Асад режимі армиясы мен Иран Төңкеріс қорғаушылар армиясының басқаруындағы шетелдік террористтік топтарға қарасты әскери түйіндер мен қару қоймаларын бомбалады. 

Жергілікті хабарларға қарағанда  қала орталығындағы "Баас жетекшілері лагері, әскери қауіпсіздік бөлімшесі, Уммал жұмысшылар ауданындағы кейбір әскери түйіндер, Дейризордың батысындағы Айяш аймағы, шығыс таулы аймағындағы Маядин ауданы және Ирак шекарасындағы Елбу Кемал ауданындағы Хаззам  және құмды аймақтар нысанаға алынған.

Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтарға қарасты 49 террорист залалсыздандырылған шабуылда  режим армиясынан бір офицерді қамтыған 11 әскер өлген.

Асад режимінің хабар агенттігі Сана-ның хабарында Дейризорға ұйымдастырылған әуе шабуылына Израиль жауапкер деп қаралды.    



Ұқсас жаңалықтар