Түркия-Украина қорғаныс ынтымақтастығы өте маңызды

Уруский қорғаныс саласында Түркия-Украина ынтымақтастығы болымды дамығанын баяндады.

1562819
Түркия-Украина қорғаныс ынтымақтастығы өте маңызды

Украина премьер-министрінің орынбасары және стратегиялық индустрия  министрі Олег Уруский  қорғаныс саласында мемлекеті мен Түркияның ынтымақтастығы болымды деп қарайтынын білдіріп, "Украиналық қорғаныс фирмаларының дамуы үшін Түркиямен артқан ынтымақтастық өте маңызды" деді. 

Олег Уруский Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде екі ел қарым-қатынастарының көптеген салада дамығанын және екі ел саудасының дамытылуы тақырыбында да алдыңғы қатардағы түрік фирмаларымен жиналыстар өткізгендерін түсіндірді. 

Уруский қорғаныс саласында Түркия-Украина ынтымақтастығының болымды екенін баяндап, "Бұл ынтымақтастық бір жағынан біз үшін үлкен тәжірибе, енді бір жағынан өзара пайдаға негізделуде" деді. 

Олег Уруский көптеген түрік қорғаныс фирмаларымен белсенді түрде ынтымақтастық жасалғанын атап өтті. 

Уруский қорғаныс саласындағы жобаларға байланысты екі ел фирмаларының  әлеуетінің өте жоғары екенін, сондай-ақ екі елдің бір-бірін тамамдап, заманауи қарулар өндіре алатынын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар