Ирактың ең үлкен мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Бейджи жанармай зауыты қалпына келтіріліп мұнай өндірісін бастады.

1562457
Ирактың ең үлкен мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Ирактың Салахаддин қаласында ДАИШ террор ұйымының шабуылында қираған елдің ең ірі мұнай өңдеу зауыты «Бейджи» 7 жылдан кейін қайта іске қосылды.

Ирак Мұнай министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Бейджи жанармай зауытын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Мәлімдемеде елдің ең үлкен өңдеу зауыты ретінде белгілі Бейджиде күніне 70 мың баррель мұнай өндірісінің басталғаны атап көрсетілді.

ДАИШ террор ұйымының шабуылынан бұрын зауыттың күніне 280 мың баррель мұнай өндіргеніне назар аударылған мәлімдемеде өндірісті арттыру үшін шаралардың жалғасатыны білдірілді.

Елдің жанармай сұранысының көпшілігін қамтамасыз еткен өңдеу зауыты 2014 жылы маусым айында ДАИШ-тің бақылауына өткен еді. Ирак қауіпсіздік күштері террористтер бұзған Бейджи Мұнай өңдеу зауытын 2015 жылы қайтадан бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар