Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы Ақ Үйден хабарлама жарияланды.

1562106
Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп елінің жаңа сайланған президенті Джо Байденнің 20 қаңтар күнгі ұлықтау рәсімі үшін Вашингтон қаласында «төтенше жағдай» жариялады.

Бұл туралы Ақ Үйден хабарлама жарияланды. Трамптың Байденнің ұлықтау рәсімі үшін қажетті дайындықтардың орындалуы мақсатымен «төтенше жағдай» жариялағаны білдірілді. Төтенше жағдай шеңберінде Трамп Ішкі  қауіпсіздік министрлігіне қарасты Федералдық Төтенше жағдай басқармасына қажетті шараларды енгізу нұсқауын берді.

Дональд Трампты қолдаған он мыңдаған шеруші 6 қаңтар күні Вашингтондағы Ұлттық саябақта жиналып, Капитолийге шабуылдаған еді. Полиция барикадасынан асып өткен шерушілер Капитолийге кіріп,  қақтығыста бес адам қайтыс болды.  Олардың бірі полиция қызметкері болатын.

Оқиғадан кейін Өкілдер мәжілісі төрайымы Пелоси АҚШ вице-президенті Майк Пенсті Трампты міндеттен алуға шақырған еді.



Ұқсас жаңалықтар