Салқындатқышы бар көліктер морг ретінде қолданыла бастады

АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден коронавирус вакцинасының екінші дозасын де ектірді.

1561837
Салқындатқышы бар көліктер морг ретінде қолданыла бастады

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде бір миллион 952 мың 985-ке жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 91 миллион 332 мың, сауығып кеткендер саны 65 миллион 317 мың болды.

Америка Құрама Штаттарында вирустан қайтыс болғандардың саны 385 мың 249 олды.  Елде инфекция жұқтырғандардың саны 23 миллион 143 мың 197 деп тіркелді.  АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден коронавирус вакцинасының екінші дозасын де ектірді.  Байден вакцинаның сенімді екенін көрсету үшін бірінші дозаны 21 желтоқсанда салдырған болатын.  Елде қазірге дейін 9 миллионға жуық адамға вакцина егілді.

Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта эпидемия салдарынан 529 адам қайтыс болды. 46 мың 169 адамда вирус анықталды.  Осы деректермен бірге елде коронавирустан өлім-жітім 81 мың 960-қа, вирус жұқтырғандар саны үш миллион 118 мың 518-ге жетті. Италияда коронавирус эпидемиясында қайтыс болғандар саны соңғы бір тәулікте 448 артты. Барлығы 79 мың 203 болды.  Елде вирус жұқтырғандардың саны да бір күнде 12 мың 532 артып,  екі миллион 289 мың 21-ге жетті.

Францияда коронавирус эпидемиясында соңғы 24 сағатта 310 адамның вирустан қайтыс болғаны білдірілді.  Барлық өлім-жітім 68 мың 60-қа жетті.  Сол мерзімде үш мың 582 жаңа оқиға тіркелді. Елде вирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 2 миллион 786 мың 838-ге жетті. Францияда қазірге дейін 138 мың 351 адамға вакцина салынды.

Испанияда коронавирустан соңғы үш күнде 401 адам қайтыс болды.  Жалпы өлім-жітім 52 мың 275-ке жетті.  Осы мерзімде 61 мың 422 жаңа оқиға тіркелді. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны екі миллион 111 мың 782-ге жетті.  Елдегі соңғы екі аптадан бері вирус жұқтыру артқандықтан, жергілікті әкімшіліктер қосымша шаралар жариялады.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус салдарынан соңғы бір күнде 122 адамның қайтыс болғанын,  бес мың 604 жаңа оқиға тіркелгенін хабарлады.  Елде өлім-жітім жеті мың 925-ке жетті. Вирус жұқтырған адам саны да 489 мың 293-ке жетті. Президент те коронавирус жұқтырды. 72 жасар Де Сузаның ешбір симптомы болмағаны,  бірақ карантинге алынғаны хабарланды.

Эпидемияда 31 мың 264 адам қайтыс болған, бір миллион 390 мың 385 адам вирус жұқтырған Польшада коронавирусқа қарсы сақтық шараларының 31 қаңтарға дейін созылуына шешім берілді.

Оңтүстік Америка елі Эквадорда вирустан 14 мың 184 адам қайтыс болды.  221 мың 506 кісіге вирус жұқты.  Эквадорда коронавирустың Ұлыбританияда анықталған жаңа штаммы табылды.

Колумбияда бүгінге дейін 46 мың 114 кісі қайтыс болды.  Елде бір миллион 786 мың 900 кісі коронавирус жұқтырды. Сыртқы істер министрі Клаудия Блумның тесті де позитив шықты.

Канадада коронавирус себебімен соңғы бес күнде 724 адам қайтыс болды.  Жалпы өлім-жітім 17 мың 41-ге жетті.  Бритиш Колумбия штатында коронавирусқа байланысты жағдай ушыққандықтан салқындатқышы бар жүк көліктері морг ретінде қолданыла бастады.



Ұқсас жаңалықтар