Израиль Қорғаныс министрі қарсы шықты

Ол түрмедегі палестиналықтарға вакцина егу керектігін айтты.

1562057
Израиль Қорғаныс министрі қарсы шықты

Израиль Қорғаныс министрі Бенни Гантс Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарға коронавирус вакцинасы егілмеуіне байланысты нұсқаудың адам өміріне қауіп төндіретін заңсыз шешім екенін айтты.

Гантс әлеуметтік желідегі есебінен хабарлама жариялап,  Израиль Қоғамдық қауіпсіздік министрі Амир Охананың Израиль түрмелеріндегі «қауіпсіздік тұтқындарына» коронавирус вакцинасын салмау жөніндегі нұсқауына наразылық білдірді. Денсаулық сақтау министрлігі регламентіне қайшы осы нұсқаудың адам өміріне қауіп төндіретін заңсыз шешім екенін айтты.  Ол премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың 60 жастан жоғары тұтқындарға вакцина салыну бұйрығын беруі үшін шақыру тастады.
Израиль Қорғаныс министрі коронавируспен күрестің саяси мақсатта қолданылуының үкіметке зиян келтіретінін айтты.

Жергілікті баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігінің регламентіне қарамастан министр Охана Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарға вакцина екпеу үшін нұсқау берді.



Ұқсас жаңалықтар