ДДСҰ ғылыми делегациясы Қытайға барады

Қытай Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы мәлімдеме жасады.

1561161
ДДСҰ ғылыми делегациясы Қытайға барады

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) мамандары жаңа типтегі коронавирустың (Ковид-19) себебін зерттеу мақсатты 14 қаңтар күні Қытайға барады.

Қытай Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы ДДСҰ-ның елге ұйымдастыратын сапарымен байланысты мәлімдеме жариялады.

Осыған қарағанда ДДСҰ мамандарынан тұратын делегация қытайлық әріптестерімен пікір алмасады.

Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хуа Чунйинг 6 қаңтар күні өткізген баспасөз жиналысында Ковид-19 эпидемиясының себебін зерттеу мақсатты ұйыммен кеңестер жүргізілгенін жариялаған еді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысы Тедрос Аданом Гебрейесус 5 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Ковид-19 эпидемиясының шығу тегін зерттеу үшін Қытайға аттануы күтілген халықаралық ғалымдар тобының жағдайымен байланысты «Қытайлық лауазымдылар Қытайға баратын делегация үшін қажетті рұқсаттардың енді берілгенін білдірді. Делегацияның екі мүшесінің алдын ала саяхаттарының бастауы және қалғандарының болса саяхаттарын соңғы сәтте жүзеге асыра алмаулары мені қатты өкіндірді» деді.

ДДСҰ Төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майк Райан «алдында визалық мәселе себепті ДДСҰ ғылыми делегациясының Қытайға кіруіне кедергі жасалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар