Трамп "Жаңа әкімшілік 20 қаңтарда міндетіне бастайды" деді

Трамп сәрсенбі күні өзін қолдаған жақтастарының Конгресс ғимаратына басып кіруінен кейін твиттер арқылы бір видео жолдама жариялады.

1559700
Трамп "Жаңа әкімшілік 20 қаңтарда міндетіне бастайды" деді

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп Джо Байден әкімшілігіне "өтпелі кезең" мүмкіндік жасайтынын білдіріп, жаңа әкімшіліктің 20 қаңтарда міндетіне бастайтынын айтты. 

Трамп сәрсенбі күні өзін қолдаған жақтастарының Конгресс ғимаратына басып кіруінен кейін твиттер арқылы бір видео жолдама жариялады. 

Конгреске бағытталған әрекетті "жаман бір шабуыл" деп түсіндірген Трамп "Барлық америкалықтар сынды мен де қақтығыс, құқықсыздық және былықпа салдарынан қайғыға баттым" деген сөздер қолданды. 

Трамп оқиғалардың басталуынан көп өтпей тәртіп-түзімнің орнатылуы үшін Ұлттық қорғаушылар және федерел қауіпсіздік күштеріне тапсырма бергенін түсіндіріп "Америка әрқашан бір құқық мемлекеті болған және осылай болуы да керек" деген қорытынды жасады. 

Ереуілдерге қатал наразылық көрсеткен Трамп "Сіз мемлекетімізге өкілдік етпейсіз. Заңға қайшы әрекет жасағандар бұның жазасын тартады" деді. 

Мемлекеттің қиын бір сайлау процесінен өткенін баяндаған Трамп "Енді кірбеңдіктерді тоқтатайық. Сайлау кампания командам сайлау қорытындыларына наразылық үшін барлық құқықтық амалдарды қолданды. Тек мақсатым сайлау қауіпсіздігін орнату еді. Мен Америка демократиясын қорғау үшін құлшына жұмыс істеген едім" деген сөздер қолданды. 

Мемлекеттегі сайлау жүйесіне реформалар жасалуы керектігін атап өткен Трамп "Қазір Конгресс сайлау нәтижелерін бекітті. Жаңа әкімшілік 20 қаңтарда міндетіне бастайды. Енді менің мақсатым кемелді, жүйелі және керемет бір өтпелі процесті орнату" деді. 

Трамп 2020 жылының мемлекет үшін өте бір қиын бір жыл болғанын және өздерінің де қолдарынан келгенін істегендерін түсіндіріп

"Сүйікті қолдаушыларымның мақсаттары жүзеге аспай қалды. Алайда таңғажайып сапар енді басталуда" деген сөздер қолданды. 

Алдыңғы күні Ақ Үйдің алдында Трамп та қатысқан митингтен кейін Конгресс ғимаратына қарай мыңдаған жақтастары ереуіл жасады. Ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болды. 

Полицияның тосқауылынан өткен кейбір ереуілшілер Конгресс ғимаратына кірген еді. 

Оқиғаларда 4 адам кісі тапқан және көптеген кісі жарақат алған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар