Ирак соты Трампты ұстау шешімін шығарды

Касым Сүлеймани мен Әбу Мехди әл-Мүхендистің өлтірілуі оқиғасына байланысты Дональд Трамп жайлы ұстау шешімі жасалды.

1559315
Ирак соты Трампты ұстау шешімін шығарды

Ирак соты ирандық қолбасшы Касым Сүлеймани мен Хашди Шаби төрағасының орынбасары Әбу Мехди әл-Мүхендистің өлтірілуі оқиғасына байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы ұстау шешімін шығарды. 

Ирак астанасы Бағдаттағы Русафа Тергеу соты тарапынан жасалған мәлімдемеде:

"Мухендис және оның жолдастарының қастандыққа ұшырауы оқиғасын бақылаған сот Ирактың 406-шы жаза заңына сай АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы ұстау шешімін шығарды" деп жазылды.

АҚШ тарапынан 2020 жылы 3 қаңтарда ұйымдастырылған бір әуе шабуылында Иран Төңкеріс қорғаушылары Иерусалим күшінің қолбасшысы Касым Сүлеймани мен Мухендис Бағдат әуежайы маңында өлтірілген болатын.

Аталмыш қастандықтан кейін Ирак үкіметі оқиғаға байланысты тергеу бастаған.  



Ұқсас жаңалықтар