Жапонияда тоқтамастан қар жауып, 29 адам қайтыс болды

Елде 400-ден астам рейс игерілмеді.

1558962
Жапонияда тоқтамастан қар жауып, 29 адам қайтыс болды

Жапонияда соңғы үш аптадан бері үздіксіз жауған қар нәтижесінде 29 адам қаза тапты.

Мемлекеттік NHK арнасының хабарына қарағанда, желтоқсан айының ортасынан бері жалғасып келе жатқан қар себебімен 29 кісі қайтыс болды.

Елдегі қолайсыз ауа райына байланысты 400-ден астам рейс игерілмеді.

Ямагата уәлаятынды жүрдек пойыздар демалыс күндеріне дейін жүрмейді.

Солтүстіктегі Акита уәлаятының Якоте ауданында рекорд деңгейде қар жауыпғ  аймаққа Қорғаныс күштерінің жасақтары жолданды.

Жапония Метеорология агенттігі демалыс күндеріне дейін қар жаууын жалғастыратынын білдірді. Қар қалыңдығы қалыпты жағдайдан үш есе артқан Тохоку және Хокурику аймақтарында ескертулер жасалды.



Ұқсас жаңалықтар