Малиде француз ұшақтарының әуе шабуылында 100 бейбіт адамды қырды

Малидің Мопти аймағында бейбіт тұрғындарға әуе шабуылы жасалды.

1558587
Малиде француз ұшақтарының әуе шабуылында 100 бейбіт адамды қырды

Малидегі Мопти аймағында жексенбі күнін дүйсенбімен байланыстыратын түні жасалған және кем дегенде 100 бейбіт тұрғын қаза тапқан әуе шабуылының Франция тарапынан жасалғаны алға тартылды.

Француз баспасөзіндегі хабарларға қарағанда, армия дереккөздері олардың жексенбі күнін дүйсенбімен байланыстыратын түні Мопти аймағындағы Баунти ауылына шабуыл жасағанын хабарлады.

Әскери ақпарат көздері шабуылдың бейбіт адамдарды нысанаға алмағанын қарулы топтарға бағытталғанын атап көрсетсе де, Мали жергілікті ақпарат көздері әуе шабуылында бір үйлену тойына бомба түскенін, араларында балалар бар кем дегенде 100 бейбіт тұрғынның қайтыс болғанын мәлімдеді.

Соңғы 10 күнде Малидегі Бархана операциясы құрамында қызмет еткен 5 француз әскері өлтірілген болатын.

2014 жылы басталған Бархана операциясы аясында Франция Сахел аймағындағы Мавритания, Мали, Буркина-Фасо, Нигер және Чадта 5 мың 100 сарбазын орналастырған еді.



Ұқсас жаңалықтар