Қытай халықаралық ғалымдардың тексеру жүргізуіне рұқсат бермеді

Гебрейесус "Қытай лауазым иелері Қытайға баратын делегацияға әлі рұқсат бермегенін аңғардық. Бұл жағдайға қатты қайғырдым" деді.

1558458
Қытай халықаралық ғалымдардың тексеру жүргізуіне рұқсат бермеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа типтегі коронавирутың шығу себептерін тексеретін халықаралық мамандардан құралған ғылыми делегацияның Қытайға баруына рұқсат бермегеніне қатты қайғырғанын білдірді. 

Гебрейесус кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  Швейцарияның Женева қаласындағы орталығында видеоконференция арқылы 2021 жылының алғашқы баспасөз жиналысын ұйымдастырды. 

Ковид-19 шығу себептерін тексеру үшін Қытайға баруы күтілген халықаралық ғалымдардың жағдайына байланысты мәлімдеме жасаған Гебрейесус "Қытай лауазым иелері Қытайға баратын делегацияға әлі рұқсат бермегенін аңғардық. Бұл жағдайға қатты қайғырдым" деді. 

Қытайдың жоғарғы лауазым иелерімен байланыс жасап жатқанын түсіндірген Гебрейесус вирустың себептерін тексеру миссиясының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және халықаралық делегация үшін өте маңызды екенін қытайлық басшыларға тағы бір рет түсіндіргенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар