Палестиналық тұтқындарға вакцина егілуін талап етті

Палестина Тұтқындар қоғамы Халықаралық Қызыл крест комитеті ғимараты алдында баспасөзге мәлімдеме жариялады.

1556683
Палестиналық тұтқындарға вакцина егілуін талап етті

Палестина Тұтқындар қоғамы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға коронавирус вакцинасы егілуіне рұқсат беруі үшін қысым жасауға шақырды.

Палестина Тұтқындар қоғамы Газа секторындағы Халықаралық Қызыл крест комитеті ғимараты алдында баспасөзге мәлімдеме жариялады.

Ислами Жихад қозғалысының лауазым иесі Ахмет әл Муделлел осында қоғам атынан сөз сөйледі. «Ковид-19 эпидемиясының түрмелерде жылдам тарауы тұтқындардың өміріне алаң тудырды» деді ол.
Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың денсаулығының қауіпте екенін және Израильдің палестиналық тұтқындарға вакцина егуге қарсы шығып отырғанын айтты. Ол Палестина әкімшілігінен «тұтқындар мәселесін халықаралық аренаға таратуын» сұрады.

Муделлел Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына да «медициналық ем және вакциналардың түрмелерде қолданылуына рұқсат беруі үшін Израильге қысым жасауға» шақыру тастады.

Хааретц газетінде жарияланған бір хабарда Израиль Қоғамдық қауіпсіздік министрі Амир Охананың Израиль түрмелеріндегі палестиналық «қауіпсіздік» тұтқындарына коронавирус вакцинасы егілмеуі үшін нұсқау бергені білдірілген болатын.

Израиль түрмелеріндегі 171 палестиналық тұтқында коронавирус анықталғаны жарияланды.
 



Ұқсас жаңалықтар