Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Сидней қаласы мен маңындағы елді мекендерге саяхат шектемесі қойылды.

1556834
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Коронавирустан қайтыс болған адам саны әлем бойынша бір миллион 850 мың 710-нан асты.  Вирус жұқтырған адам саны 85 миллион 509 мыңнан асты.  Ал сауығып кеткендердің саны болса 60 миллион 476 мыңнан асты.

360 мыңнан астам адам өлімі және 21 миллионнан астам оқиға тіркелген эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында президент Дональд Трамп елдегі коронавирус өлімі мен вирус жұққан адам санының асыра сілтенгенін айтты. АҚШ Қоғамдық денсаулық департаменті төрағасы Др. Жероме Адамс болса көрсеткіштерге күмәнмен қарау үшін себеп жоқтығын білдірді.

Эпидемияда 4 мың 957 өлім-жітім, 140 мың  9 оқиға тіркелген Грекияда Ұлыбританиядан ұшып келген бес грек және бір ағылшын азаматында коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды.

Францияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 65 мың 37-ге, вирус жұқтырған адам саны да екі миллион 655 мың 728-ге жетті. Елде 27 желтоқсан күні басталған ковид вакциналау жұмыстарында бір апта өткеніне қарамастан тек 450 адамға егілуі әлеуметтік желіде мазақ болды.

Италияда эпидемиядан 75 мың 332 адам қайтыс болды.  Екі миллион 155 мың 446 адам вирус жұқтырды. Вирус салдарынан 909 адам қайтыс болып,  28 мың 483 адам вирус жұқтырған Австралияда штат басшылықтары коронавирус артқан Жаңа Оңтүстік Галлер штатының орталығы Сидней қаласы мен маңындағы елді мекендерге саяхат шектемесін қойды.

Кейбір елдердегі коронавирус өлім-жітімі мынадай:

Бразилия (196 мың 18), Mексикa (127 мың 213), Ұлыбритания (75 мың 24), Испания (50 мың 837), Kолумбия (43 мың 965), Aргентина (43 мың 482), Перу (37 мың 830), Германия (35 мың 105), Польша (29 мың 119), Бельгия (19 мың 701), Украина (18 мың 854), Чили (16 мың 767), Румыния (15 мың 979), Kанада (15 мың 865), Эквадор (14 мың 59), Чехия (11 мың 960), Нидерланды (11 мың 612).



Ұқсас жаңалықтар