Премьер-министрге қарсы акция жалғасуда

Полиция сегіз адамды қамауға алды.

1556390
Премьер-министрге қарсы акция жалғасуда

Израильде жемқорлық және коронавирус эпидемиясын басқара алмады деген айыптаулармен премьер-министрдің отставака кетуін талап еткен акциялар жалғасуда.  Халық Беньямин Нетаньяхудың кетуін сегіз айдан бері сұрап келеді.

Батыс Иерусалимдегі премье-министрлік резиденциясының маңында болған акцияға ковидке қарамастан көп адам қатысты. Олар «Қылмысты премьер-министр» жазылған жейде киіп, «Биби, үйіңе қайт» деп ұрандады.

Тель-Авив және Иерусалим секілді басқа қалаларда да наразылық акциялары ұйымдастырылды.

Израиль полициясы кеше күндіз акцияда сегіз адамды қамауға алды.

Ел коронавирус эпидемиясында үшінші толқында,  жұмыссыздық артып,  премьер-министрге қарсы акциялар 28 аптадан бері жалғасып келеді.



Ұқсас жаңалықтар