Киркуктегі бомбалы шабуылда 1 әскер қаза тапты

Амир Нури бомбалы шабуылдан кейін Дакук ауданы маңында операцияның басталғанын баяндады.

1555922
Киркуктегі бомбалы шабуылда 1 әскер қаза тапты

Ирактың Киркук қаласының Дакук ауданы маңында террор ұйымы ДАИШ-тің жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен 1 әскер қаза тапты, 4 әскер жарақат алды. 

Киркук полициясы басқармасы мәлімдемешісі Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Дакук ауданы маңында Ирак армиясына тиесілі бір көліктің жолдан өтіп бара жатқан кезде бомбалы шабуылға душар болғанын айтты. 

Шабуылдың террор ұйымы ДАИШ сарбаздары тарапынан жасалғанын түсіндірген Нури шабуыл кесірінен 1 әскердің қаза тапқанын, 4 әскердің жарақат алғанын білдірді. 

Амир Нури бомбалы шабуылдан кейін Дакук ауданы маңында операцияның басталғанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар