118 жасқа толды
Жер шарының жасы ең үлкен тұрғыны Кане Танака 118 жасқа толды.
1555956

Жапонияның батысындағы Фукуоко штатында бір қариялар үйінде тұратын, Гиннесс Рекордтар кітабында Жер шарының жасы ең үлкен тұрғыны деп көрсетілген Кане Танака 118 жасқа толды.
Жергілікті медиа хабарларына қарағанда, қолдарын жоғары көтеріп қуанған Кане 1903 жылдың 2 қаңтарында өмірге келген. Ол 120 жасқа дейін өмір сүруге үмітті екенін айтты.
Ол күн сайын жаттығуларын жасап тұрады. Қазір коронавирусқа байланысты отбасының мүшелерімен кездесе алмай жүр.