Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда ковид вакцинасының алғашқы дозасын ектіргендердің саны 616 мың 913 кісіге жетті.

1551676
Әлемде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болған адам саны әлем көлемінде бір миллион 749 мыңнан асты.  Вирус жұқтырған азамат саны 79 миллион 743 мың, сауығып кеткендердің саны да 56 миллион 131 мыңға жетті.

Америка Құрама Штаттарында коронавирустан жан шығыны 337 мың 66 болды.  Елде вирус жұқтырғандардың саны да 19 миллион 111 мың 326-ға жетті. Америка Құрама Штаттары Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ковидтің жылдам жұғатын түрі табылған Ұлыбританиядан саяхаттарға байланысты реттеу жасады. Осыған орай Ұлыбританиядан АҚШ-қа ұшатын барлық жолаушылардан ковид тесті қорытындысы сұралады, бұл процедура дүйсенбі күні басталады.

Ұлыбританияда вирустан 69 мың 625  адам қайтыс болды.  Елде вирус жұқтырғандарың саны да екі миллион 188 мың 587 болды.  Ұлыбританияда ковид вакцинасының алғашқы дозасын ектіргендердің саны 616 мың 913 кісіге жетті.

Италияда қайтыс болған адам саны соңғы 24 сағатта 505 артты.  Жалпы өлім-жітім 70 мың 900-ге жетті. Осы мерзімде 18 мың 40 адам вирус жұқтырған.  Осылайша вирусқа шалдыққан адам саны 2 миллион 9 мың 317-ге жетті. Елде Рождество және жаңа жыл үшін сақтық шаралары басталды. Осыған орай елде бірнеше күн тысында 6 қаңтар күніне дейін «қызыл аймақ» жарияланды.  Ел көлемінде дүкендер жабылды,  мейрамханалар, барлар мен балмұздақ сатушылары тек үйге жеткізіп беру жүйесімен жұмыс істейді.

Францияда соңғы 24 сағатта 292 адам осы індеттен көз жұмды. 21 мың 634 жаңа диагноз қойылды.  Осы деректерге сай елде вирустан қайтыс болған адам саны 62 мың 268-ге, вирус жұқтырғандардың саны да екі миллион 527 мың 509 болды.

Германияда коронавирустан өлім-жітім 29 мың 629, науқас саны бір миллион 612 мың болды. Елде 20 желтоқсанда Ұлыбританиядан келген бір әйелде вирустың жаңа штаммы анықталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар