Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда вирус салдарынан бір тәулікте 326 адам қайтыс болды.

1548964
Әлемде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде бір миллион 699 мың 724 болды.  Вирус жұқтырғандардың саны 77 миллион 178 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны да 54 миллион 94 мыңнан асты.

Эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында коронавирустан қайтыс болғандардың саны 324 мың 869-дан, вирус анықталған кісі саны да 18 миллион 267 мың 579-дан асты. Америка Құрама Штаттарындағы түрмелерде жатқан әрбір бес тұтқынның бірінің коронавирусқа шалдыққаны және қазірге дейін 1700 тұтқынның қайтыс болғаны хабарланды. АҚШ Азық-түлік және дәрі департаменті бекіткен екінші вакцина Модернаның вакцинасы елде таратыла бастады. Вакцина бүгіннен бастап қоғамда алдымен медқызметкерлерге және қариялар үйінде тұратын қарттарға егіледі.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 352 адам қайтыс болып,  жалпы өлім-жітім саны 68 мың 779-ға жетті.  Вирус жұққан адам саны да 15 мың 104 артып,  бір миллион 953 мың 185 болды. Осы арада Италия Денсаулық сақтау министрлігі Ұлыбританиядан оралған бір кісіде коронавирустың жылдам тарайтын мутациясының анықталғанын хабарлады.

Ұлыбританияда вирус салдарынан бір тәулікте 326 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім 67 мың 401-ге жетті. 35 мың 928 жаңа оқиға тіркеліп,  инфекция жұққан адам саны екі миллион 40 мың 147 болды.  Лондонда эпидемиямен күресте төртінші саты басталды.  Барлық дүкендер, шаштараздар мен спорттық залдар жабылды.  Шектемелердің бірінші күні Лондон көшелері босап қалды. Метро стансалары да үнсіз. Осы арада Түркия Нидерланды және Бельгиядан кейін Италия, Франция, Австралия, Канада және Германияда Ұлыбританияда табылған жаңа мутация анықталғандықтан осы елмен қатынастың тоқтатылатынын хабарлады.
ковид-19 себебімен 16 мың 101 адам қайтыс болған Чилиде бүгінгі күнге дейін 583 мың 354 адамда вирус анықталды.  Мемлекет басшысы Пинера елінде бекітілген коронавирус вакцинасының келесі аптадан бастап егілетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар