Коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі

Коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі Нидерланды, Дания және Австралияда да анықталды.

1548849
Коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бұдан бұрын Ұлыбританияда шыққан коронавирустың мутацияға ұшыраған түрінің Нидерланды, Дания және Австралияда да анықталғанын хабарлады.

Ұйымның хабарламасында Нидерландыда осы айдың басында жүргізілген тесттер ел тұрғындарында ковид-19-дың мутациясын анықтады. Мутация айырықша Дания және Австралияда да анықталды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан маман Мария Ван Керков BBC-ге берген сұхбатында мамандардың «эпидемия басталған күннен бері әлем көлемінде мутацияларды бақылап келгенін» айтты.
Ұлыбританияның оңтүстік –шығысында ковид-19-дың жылдам тарайтын жаңа түрі анықталған болатын. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен бір қатар ғалым анықталған жаңа түрдің одан 70 пайыз жұқпалы екенін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар