Нигердегі шабуылда 27 адам қаза тапты

Нигерде террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған шабуылда  27 адам қаза тапты.

1545424
Нигердегі шабуылда 27 адам қаза тапты

Диффа аймағындағы Тоумоур ауылына сенбі күнін жексенбі күніне жалғайтын түні террор ұйымы Боко Харам тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылды. 

Шабуылда 27 адам қаза тапты. 

Нигер полиция 70-ке тарта сарбаздың қалашыққа шабуыл жасағаны, сондай-ақ қалашықта 1000-ге тарта үйдің, жұмыс орнының және көптеген көліктің өртеп жіберілгенін мәлімдеді. 

Боко Харам жұма күні де  Диффа аймағына шабуыл жасады. Шабуылда екі адам қаза тапқан еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар