Коронавирустың соңғы жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 524 мың 475-ке жетті.

1539957
Коронавирустың соңғы жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 524 мың 475-ке жетті. Вирус жұқтырғандар саны 66 миллион 231 мың, сауығып кеткендердің саны 45 миллион 813 мыңға жетті.

Үндістанда ковид салдарынан қайтыс болғандардың саны 139 мың 736-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 608  мың 418 болып тіркелді.

Жапонияда жаңа типті коронавирус салдарынан  2 мың 240 адам көз жұмды. Елде оқиға саны болса 155 мың 232 болды.

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 53 мың 368-ге көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 248 мың 159 кісіден асты. Құрлықта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан ең көп Оңтүстік Африкада қайтыс болды. Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 21 мың 963-ке көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 732, Мароккода болса 6 мың 136 адам қайтыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар