Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 511 мың 930-дан асты.

1539221
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 511 мың 930-дан, расталған оқиға саны 65 миллион 536 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 45 миллион 377 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағы АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан 1 тәулікте мың 978 адам қайтыс болды. Ел көлемінде өлім-жітім 282 мың 829-ға жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 142 мың 881-ге көбейіп, 14 миллион 535 мың 196-ға өсті. 

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 1 тәулікте ең жоғарғы өлім тіркелді. 993 адамның қайтыс болуымен өлім-жітім 58 мың 38-ге жетті. Вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 664 мың 829 болды.

Премьер-министр Джузеппе Конте Ковид-19 эпидемиясында қаңтарда үшінші толқынға тап болмас үшін 21 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында Жаңа жылдық демалыс кезеңіне жаңа шектеулер енгізу керек екенін айтты.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 54 мың 140, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 257 мың 331-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар