Әлі де көп вакцина керек

Майк Райан әлемге 3-4 вакцинадан көп коронавирус вакцинасы керек екенін айтты.

1538845
Әлі де көп вакцина керек

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майк Райан әлемге 3-4 вакцинадан көп коронавирус вакцинасы керек екенін айтты.

Райан әлеуметтік желіде ковид-19-ға байланысты сұрақтарға жауап берді. Ол Ұлыбританияның BioNTech және Pfizer компаниясының вакцинасының қолданылуына лицензия бергеніне қуанышты екендерін білдірді.

Вакцинаның эпидемияға қарсы жалғыз өзі жеткілікті болмайтынын меңзеген Райан басқа да қауіпсіздік шараларының қолданылуы керектігін атап көрсетті.  Ол вакцина жұмыстарының жалғастырылуы керектігін, әлемге 3-4 вакцинадан көп вакцина керек екенін айтты. «Өндірісті арттыру қажет. Бағаны төмендету керек.  Бір дозалық вакцина керек» деді ол.

Вакциналарға байланысты жақсы жаңалықтарға қарамастан пандемияның әлі бітуден алыс екенін айтқан Райан егу жұмыстары басталғаннан кейін «құтқарылатын көп жан» бар екенін меңзеді.



Ұқсас жаңалықтар