Мадуро міндеттен кетеді

Ол оппозицияны сайлауға шақырды.

1538887
Мадуро міндеттен кетеді

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро оппозиция 6 желтоқсан күні өтетін парламенттік сайлаудан жеңіп шығатын болса,  мемлекет басшысы міндетінен кететінін айтты.

Ел баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда,  Мадуро соңғы рет 2015 жылы өткізілген парламент сайлауында жеңіп шыққан оппозиция тағы бір рет жеңіске жетсе, міндетінен кететінін білдірді. «Венесуэлалықтарға айтамын: тағдырым сіздің қолыңызда. Оппозиция сайлаудан жеңіп шықса, міндетті тастаймын» деді ол.

Ол оппозиция партияларын жексенбі күні болатын сайлауға қатысуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар