Пандемия гендерлік теңдікті бұзуы мүмкін

Бұл туралы БҰҰ деректері жарияланды.

1538285
Пандемия гендерлік теңдікті бұзуы мүмкін

БҰҰ жариялаған жаһандық деректер коронавирус пандемиясы әйелдердің күресіне қауіп төндіргенін көрсетті.

Жаңа деректер 25 жылдан бері әйелдер үшін жүргізілген күресте жинақталған жетістіктердің жойылуы мүмкін екенін ортаға шығарды.

Себебі эпидемия салдарынан ортаға шыққан үйдегі қосымша жүктің көбіне әйелдердің мойнына жүктелгені айқындалды. БҰҰ Қоғамдық гендерлік теңдік және әйелдердің нығаю басқармасының төрайым орынбасары Анита Батиа: «25 жылдан бері жүргізілген күресте қол жеткізілген жетістіктер бір жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін» деді.

Оның айтуынша, эпидемия әйелдер тұрғысынан жұмыс табу және білім алу мүмкіндіктерін де азайтты. Әйелдер пандемия кезінде ортаға шыққан қосымша күтім және тегін үй қызметтерін де өздері қамдауда. Бұл 1950 жылдардың қоғамдық гендердік ролдеріне қайта оралу рискін арттырады. Әйелдердің физикалық және психикалық денсаулық проблемалары артуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар