Қытайдың ғарыш аппараты Айдың бетіне сәтті қонды

Қытайдың «Чанъэ-5» зонды сейсенбі күні Айдың бетіне сәтті қонды.

1538497
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың бетіне сәтті қонды

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы «Чанъэ-5» зондының «Айдың алдын ала белгіленген алаңына сәтті қонғаны хабарлады.

Еске сала кетсек, миссия барысында зонд Ай топырағының үлгілерін жинап, Жерге жеткізуі тиіс. «Чанъэ-5» Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, «Чанчжэн-5» зымыраны 24 қарашада Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралы провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан «Чанъэ-5» зондын алып ұшқан еді.



Ұқсас жаңалықтар