"Вакцина жалғыз өзі жеткілікті болмауы мүмкін"

Франческо Росса үкіметтерді эпидемия мен вакцинаға қарсы сенімсіздік және негізсіз ақпаратпен күреске шақырды.

1537315
"Вакцина жалғыз өзі жеткілікті болмауы мүмкін"

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы федерациясы (ҚКҚЖҚҚ) жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) эпидемиясы мен вакцинаға қарсы жылдам тараған сенімсіздік және негізсіз ақпаратпен күреспеген жағдайда вакцинаның эпидемияны жоюда табысты бола алмайтынын ескертті.

ҚКҚЖҚҚ төрағасы Франческо Росса ұйымдастырған баспасөз мәслихатында «Эпидемияны жою тақырыбында вакцина жалғыз өзі жеткілікті болмауы мүмкін. Ковид-19 эпидемиясын жеңу үшін эпидемиямен күресте үздіксіз кедергі жасайтын сенімсіздікті де жеңуге тиістіміз» деді.

Джонс Хопкинс университетінің бір зерттеуіне қарағанда 67 елде вакцинаға қарсы сенімнің қатты азайғанын атап көрсеткен Росса ҚКҚЖҚҚ-ның бір зерттеуіне қарағанда Африкада Ковид-19 тек қана «Батыстың мәселесі» болып қабылданғанына назар аударды.

Батыстық елдерде болса көптеген адамның негізгі денсаулық ескертулеріне бағынудан бас тартқанын мәлімдеген Росса үкіметтерді эпидемия мен вакцинаға қарсы сенімсіздік және негізсіз ақпаратпен күреске шақырды.



Ұқсас жаңалықтар