Меркель "Оруч Реис" кемесі жайлы мәлімдеме жасады

Ангела Меркель "Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесінің қайтадан түрік кемежайына қайтуының саммит қарсаңында жақсы бір жаңалық  екенін айтты.

1537220
Меркель "Оруч Реис" кемесі жайлы мәлімдеме жасады

Германия премьер-министрі Ангела Меркель "Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесінің Анталия кемежайына қайтуының Еуропа Одағы саммиті қарсаңында жақсы бір жаңалық болғанын айтты. 

Ангела Меркель Германияның Еуропа Одағы кезекті төрағалығы аясында жасаған баяндамасында "Оруч Реис" кемесінің кемежайға қайтуына байланысты ""Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесінің қайтадан түрік кемежайына қайтуы саммит қарсаңында жақсы бір жаңалық" деді. 
Премьер-министр Меркель осы тақырыптың 10-11 желтоқсандағы саммитте қолға алынатынын білдірді. 
Түркияның ең көп босқын қабылдаған ел екенін түсіндірген Меркель "Еуропа Одағы ішінде босқын дау-дамайында қатты қиналдық. Түркия осы тақырыпта керемет жұмыс істеді, құрметтеу керек. Түркияға қолдауымызды жалғастырғанымыз жөн" деген сөздер қолданды. 

 


Ұқсас жаңалықтар