Үкіметтің отставкаға кетуін сұрады

Президент Армения үкіметін сынға алды.

1536878
Үкіметтің отставкаға кетуін сұрады

Армения президенті Армен Саркисян үкіметтің отставкаға кетуін сұрады.

Саркисян Ресейдегі армян қоғамының өкілдерімен жасаған жиналысында Армения үкіметін сынға алды.

Ол Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Таулы Қарабах проблемасына байланысты Әзербайжанмен келісімге қол қоюы және армяндардың Қарабахтан кетуін «үлкен трагедия» деп атады. «Осындай үлкен трагедия болған бір елде шешім болады.  Бұған жол ашқан үкімет кетуі керек» деді ол.

Саркисян елдегі жағдайдың екі жыл бұрынғы жағдайдан өте өзгеше екеніне назар аударып, уақытша үкімет құрылуы керектігін айтты.  Ол сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді де ұсынды. Ол барлық партиялардың келісіп, уақытша үкімет құруы керектігін,  осы уақытша үкіметтің елде сайлау өткізуін талап етті.

Президент елде сайлауға дейін Атазаңға өзгеріс енгізу тақырыбына байланысты референдум ұйымдастыруды сұрады. Ол президентті халық сайлау керектігін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар