Шемхани: Қастандық туралы ақпар болса да, назарға алынбады

Иран Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі Бас хатшысы Али Шемхани мәлімдеме жасады.

1536986
Шемхани: Қастандық туралы ақпар болса да, назарға алынбады

Иран Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі Бас хатшысы Али Шемхани елдегі полиция күштерінің қолында ядролық ғалым Мухсин Фахризадеге бағытталған қастандық туралы ақпар болғанмен назарға алмағанын атап көрсетті.

Фахризаденің жаназа рәсімі кезінде Иран Мемлекеттік теле арнасына мәлімдеме жасаған Шемхани «20 жылдан бері жау оны шәйіт етуге тырысты. Осы күнге дейін табыссыз болды. Иран барлау бөлімшелері Фахризадеге жасалу ықтималы мен жерін дәл болжады.

Өкінішке орай Фахризаде туралы 20 жыл бойы қайталанған көптеген қастандық құпия ақпараты болғаны себепті тиісті байыптылық көрсетілмеді және бұл жолы олар табысты болды» деді.

Шабуылдың адаммен емес, алыстан басқарылатын электроникалық тетіктер арқылы өте күрделі бір әдіспен жүзеге асырылғанын атап көрсеткен Шемхани «Кейбір дәлелдерге қол жеткіздік. Бұл операцияны жоспарлаушы кім және өзі туралы басқа да ақпараттар анықталды. Нақты түрде халықтың мүнафыктары (мүджахиттері) ұйымының бұл қастандыққа қатысы бар. Бұл шабуылдың арғы жағында Сионист режим (Израиль) мен Моссад бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар