Израильдік лауазымды Фахризадені өлтіргендерін қабылдады

Израильдік лауазымды қастандыққа байланысты "Әлемнің Израильге алғыс айтуы керектігін" білдірген.

1536435
Израильдік лауазымды Фахризадені өлтіргендерін қабылдады

Израильдік бір лауазымды Иранның ядролық бағдарламасының маңызды мамандарынан Мухсин Фахризаденің қастандықпен өлтірілуі тақырыбында "Әлемнің Израильге алғыс айтуы керектігін" білдірген.

Иранның ядролық бағдарламасының маңызды мамандарынан Мухсин Фахризаденің қастандықпен өлтірілуінің әсері жалғасуда.

Американ Нью-Йорк Таймс газетіне сұхбат берген аты айтылмаған израильдік бір лауазымдының сөздері назар аударды.

Израиль әкімшілігі Фахризадені өлтіргендерін әлі ресми қабыл алмады. Аталмыш лауазымды Тель-Авив әкімшілігінің қастандық жасағанын қабылдады.

Фахризаденің жылдар бойы ізіне түскен қызметкер екені білдірілген лауазымды:

"Иранның ядролық бағдарламасына қарсы қажетті қадамдарды жалғастырамыз. Фахризаде мырза тарапынан құрылған Иранның ядролық қаруларға ие болу бағдарламасы қауіп төндіруде және әлем "Фахризаденің өлтірілуіне байланысты) Израильге алғыс айтуы керек" деген.

Иран ядролық бағдарламасының маңызды мамандарынан Мухсин Фахризаде жұма күні Тегеран уәлаятының Демавенд ауданына қарасты Абсерд аймағында көлігіне ұйымдастырылған қарулы шабуылда қаза тапты.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 2018 жылы сәуірдегі сөзінде Иранның ядролық бағдарламасының жаратушысы ретінде танымал маңызды мамандарынан Мухсин Фахризаденің  атын ерекше атаған болатын.

Израильдің Yedioth Ahronot газеті Нетаньяху тақырыпқа байланысты баспасөз мәслихаатында Фахризаденің қастандығында Израильдің ролы бар екеніне меңзеген. 



Ұқсас жаңалықтар