Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 31 адам қаза тапты

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 24 адам жарақат алды.

1536424
Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 31 адам қаза тапты

Ауғанстанның Газне қаласында бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 31 адам қаза тапты, 24 адам жарақат алды.

«Tolo News»-тің хабарына қарағанда Газне губернаторлығы мәлімдемешісі Вахидуллах Жұмазада Газне қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік ғимаратының жанында бомба қойылған көлікпен шабуыл жасалғанын жариялады.

Жұмазада шабуылда 31 адамның қаза тапқанын, 24 адамның жарақат алғанын білдірді.

Хабарда шабуылдың бомба тиелген «Humvee» сауытты көлігімен жасалғаны және ғимаратта десанттардың бар екені атап көрсетілді.

Шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар