Мухсин Фахризаде қастандыққа ұшырады
Иранның ядролық физика ғалымы Фахризаденің террорлық шабуылда ауыр жараланғаны хабарланды.

Иранның ядролық бағдарламасының жаратушыларынан Мухсин Фахризаде қастандыққа ұшырады.
Иран мемлекеттік телеарнасы ядролық физика ғалымы Фахризаденің ауыр жараланғанын хабарлады. Кейбір хабарларда қайтыс болғаны алға тартылды.
Иранның ядролық бағдарламасында маңызды тұлғалардың бірі болған Фахризаденің Тегеран уәлаятына қарасты Абсерд ауданында ұйымдастырылған террорлық шабуылда ауыр жараланғаны білдірілді.
Иран мемлекеттік телеарнасы Фахризаденің түстен кейін Абсерд ауданында ұйымдастырылған террорлық шабуылда ауыр жараланып, ауруханаға апарылғанын хабарлады.
Кейбір хабарларда Фахризаденің қаза тапқаны алға тартылды, шабуылға байланысты ресми мәлімдеме жасалмады.
Ұқсас жаңалықтар

Йеменде полиция бастығы өлтірілді
Йеменде Худейде уәлаяты полиция бастығы генерал Ибрахим Харид Аденде өлтірілді.