Израиль палестиналықтардың Акса мешітіне кіруіне рұқсат бермеді

Жүздеген палестиналықтың Акса мешітіне кіріп, намаз оқуына тыйым салынды.

1535721
Израиль палестиналықтардың Акса мешітіне кіруіне рұқсат бермеді

Израиль полициясы оккупацияланған Батыс Шериядан келген жүздеген палестиналықтың «рұқсат қағаздары жоқ» деген сылтаумен жұма намазы үшін Акса мешітіне кіруіне тыйым салды.

Куәгерлерден айтуынша Израиль полициясы Шығыс Иерусалимнің Ескі қаласындағы бақылау-өткізу бекеттерінде жүздеген палестиналықты тоқтатып, оларды Харем-и Шарифке кіргізбеді.

Израиль полициясы Акса мешітіне кіргісі келгендердің куәліктерін сұрап жатқанда Харем-и Шарифке кіруіне рұқсат етілмеген көптеген палестиналық Ескі қала көшелері мен қабырғалардың айналасында жұма намазын оқыды.

Акса мешітіне кіргендер болса қатаң қауіпсіздік шаралары астында намаздарын оқыды.



Ұқсас жаңалықтар