БҰҰ Сирия атазаң комитеті 4-ші тур кездесулері өтеді

Жаңа типті коронавирус індеті кедергі болмаған жағдайда тараптар қаңтар айында 5-ші турды өткізілуге келісті.

1535482
БҰҰ Сирия атазаң комитеті 4-ші тур кездесулері өтеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия атазаң комитеті 4-ші тур кездесулері 30 қарашада Швейцарияның Женева қаласында басталады. 

БҰҰ Женева офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Башар Асад режимі, азаматтық ұйымдар және Сирия оппозиция өкілдерінен құралатын топтың Женевада қайтадан бас қосатыны жеткізілді. 

4-ші тур кездесуінде тамыз айында өткізілген соңғы турдың да күн тәртібі болған "ұлттық ұйымдар және принциптер" қолға алынады. 

Дүйсенбі күні басталатын жиналыста оппозицияның тең төрағалығын бұрынғы Сирия оппозиция және төңкерісші күштер ұлттық коалициясы төрағасы Хади Әл-Бахра, режимнің тең төрағалығын болса заңгер Ахмед Кузбари атқарады. 

Жаңа типті коронавирус індеті кедергі болмаған жағдайда тараптар қаңтар айында 5-ші турдың өткізілуіне келісті. 

 



Ұқсас жаңалықтар