Ресейде вирустен 38 мың 62 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны бір миллион 428 мың 800-ден асты.

1534654
Ресейде вирустен 38 мың 62 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны бір миллион 429 мың 125-ке жетті. Расталған оқиға саны 60 миллион 836 мың, сауығып кеткендердің саны 42 миллион 161 мыңнан асты. 

Үндістанда ковид салдарынан қайтыс болғандардың саны 135 мың 261-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 266 мың болып тіркелді.

Ресейде эпидемиядан қайтыс болғандар саны 38 мың 62-ге өсті. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 187 мыңға  жетті.

Иранда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 46 мың 689-ға,  вирус жұқтырғандар саны да 908 мың 346-ға жетті.

Иракта Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 12 мың 49-ға өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны  542 мың 187 болып тіркелді.

Жапонияда эпидемия салдарынан көз жұмған адам саны 2 мың 49-ға ұласса, оқиға саны да 138 мың 499-ға көтерілді.  

Газада осы таңға дейін Ковид-19 эпидемиясынан 78 адам қайтыс болды. Елде вирус жұқтырғандар саны да 17 мыңға  жетті.

Тунисте жаңа типті коронавирус салдарынан  2 мың 983 адам көз жұмды. Елде оқиға саны болса 91 мың 307 болды. 

Иорданияда эпидемиядан қайтыс болғандар саны 2 мың 442-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны да 198 мың 21-ге жетті.

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 50 мың 736-ға көтерілді.

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 585, Мароккода болса 5 мың 539 адам қайтыс болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар