Ливияның Терхуне қаласында жаңа топтық мазар табылды

Ливиядағы Жоғалғандарды іздестіру және анықтау мекемесі директоры Лүтфи Тевфик мәлімдеме жасады

1532982
Ливияның Терхуне қаласында жаңа топтық мазар табылды

Ливия армиясы маусым айында елдің шығысында көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтарға қарасты содырлардан құтқарған Терхуне қаласында тағы бір топтық мазар тапты.

Ливиядағы Жоғалғандарды іздестіру және анықтау мекемесі директоры Лүтфи Тевфик топтардың Терхунедегі жаңа топтық мазардан 2 адамның сүйегін шығарғандарын атап, жұмыстардың жалғасқанын, бұл санның артуы мүмкін екенін білдірді.

Ливия армиясы 25 наурыз күні бастаған «Бейбітшілік дауылы» операциясы аясында 3 маусым күні Триполидің барлық әкімшілік шекараларында 5 маусым күні болса Терхунде қаласын бақылауға алған болатын.

Хафтарға қарасты қарулы содырлардың Триполиге бағытталған және 14 айға созылған шабуылдары кезінде операция мен техникалық жабдықтау орталығы ретінде қолданған Терхуне қаласын азат етуінің артынан Ливия мекемелері қала мен айналасында көптеген топтық мазарға қоса мәйіттер тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар