Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Африка құрлығы бойынша бір күнде эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 267 артты.

1533096
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны бір миллион 402 мың 42 болды.  Оқиға саны 59 миллион 516 мыңнан, сауығып кеткендер саны 41 миллион 157 мыңнан асты.

Үндістанда соңғы 24 сағатта тағы 480 адам қайтыс болып,  ковид салдарынан қайтыс болғандар саны 134 мың 254-ке жетті.  Елде осы мерзімде тағы да 37 мың 975 жаңа науқас тіркеліп,  вирус жұқтырған адам саны 9 миллион 177 мың 840-қа жетті.

Африка құрлығы бойынша бір күнде эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 267 артты.  Барлығы 50 мың 72-ге жетті.  Құрлық көлемінде вирус жұқтырған адам саны бір күнде 10 мың 124 артты. Барлығы екі миллион 92 мың 833 болды. Құрлықта коронавирустан ең көп өлім-жітім 20 мың 968 адаммен Оңтүстік Африкада тіркелді.  Мысырда алты мың 560, Мароккода болса бес мың 396 адам қайтыс болды.

Қытайда соңғы тәулікте ковид себебімен ешбір өлім-жітім тіркелмеді.  Елде осы мерзімде 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.  Олардың жиырмасы шетелден келгендер. Қытайда барлығы 86 мың 464 адам вирус жұқтырған.

Оңтүстік Кореяда соңғы бір тәулікте ковидтен бір кісі қайтыс болды.  Елде өлім-жітім 510-ға жетті.  Елде бір күнде 349 адамда вирус анықталды. Вирус жұқтырған адам саны 31 мың 353-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар