Францияда полиция босқындарды ұрып-соқты
Парижде полиция мен жандармерия көшеде жүрген жүздеген босқынға күш қолданды.
1533372

Францияның астанасы Парижде полиция мен жандармерия көшеде жүрген жүздеген босқынды қуалап ұрып-соқты. Оларға өмір сүру мүмкіндігін бермеді.
Өткен аптада жүздеген ауғанстандық босқын "Republique" алаңына барып лагерь құрған еді.
Француз полициясы лагерьлерді таратты және гуманитарлық жәрдем жасаушылардың азық-түлік таратуларына рұқсат бермеді.
Босқындарды алаңнан қуып шыққан қауіпсіздік күштері көшелерде қашқандарға көз жасаурататын газ шашып, оларды таратты.