Минскте шерулер толастамады

Кеше 345 адам қамауға алынды.

1532715
Минскте шерулер толастамады

 

Беларусьтің бас қаласы Минскте билікке қарсы шерулерде кеше 345 адам қамауға алынды.

Беларусьте 9 тамыз күні болған президенттік сайлаудан қазіргі президент Александр Лукашенконың жеңіп шығуына қарсы шыққандар әлі күнге наразылықтарын тоқтатпады.

Минсктің түрлі аудандарын жиналған шерушілер жолдарды жауып,  жол қатынасына кедергі болды.

Беларусь Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова полицияның тәртіпке бұзған шерушілерге арнайы көліктермен араласқанын және осы кісілерді ұстағанын білдірді. «Кешегі шерулерде заңдарға қарсы шыққан 345 адам қамауға алынды.  Бұл кісілер сот алдына шыққанға дейін қамауда болады» деді ол.

 

 



Ұқсас жаңалықтар