Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде коронавирустан өлім-жітім 1 миллион 366 мыңнан асты.

1531244
Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болған адам саны бір миллион 366 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 57 миллион 292 мың, сауығып кеткендердің саны 39 миллион 776 мың болды.

АҚШ ковид-19 эпидемиясы себепті өлім-жітім 258 мың 333-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 12 миллион 70 мыңға көбейді. Елдің ең ауқымды шекараларына ие 10 миллион тұрғыны бар Техас штаты Ковид-19 оқиғасы мен қайтыс болғандар тұрғысынан Калифорниядан озды. Штатта 20 мың 540 өлім-жітім тіркелді.

Ұлыбританияда ковид-19 инфекциясынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 501 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 53 мың 775-тен асты. Елде вирус жұқтырғандар саны болса 1 миллион 453 мың 256 болды.

Италияда эпидемиядан қайтыс болғандар саны 47 мың 291-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 308 мың болды.

Испанияда ковид-19 инфекциясынан өлім-жітім 42 мың 291-ден асты. Елде вирус жұқтырғандар саны болса 1 миллион 574 мыңға өсті.

Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда елде соңғы 24 сағатта 576 адам қайтыс болды. Ковид-19 салдарынан жалпы өлім-жітім 100 мың 104-тен асты.

Ковид-19 салдарынан кейбір елдерде қайтыс болғандар саны төмендегідей болып тіркелді.

Бразилия 168 мың 141, Франция 47 мың 127, Аргентина 36 мың 532, Перу 35 мың 446, Колумбия 34 мың 761, Бельгия 15 мың 196, Чили 14 мың 955, Германия 13 мың 788, Эквадор 13 мың 73, Польша 12 мың 88, Канада 11 мың 265 және Украина 10 мың 369.



Ұқсас жаңалықтар