Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Иранда 43 мың 417 адам коронавирустан қайтыс болды.

1531132
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем бойынша коронавирус себебімен қайтыс болған адам саны бір миллион 365-тен асты.  Вирус жұқтырған адам саны 57 миллион 258 мыңнан,  сауығып кеткендер саны болса 39 миллион 746 мыңнан асты.

Үндістанда 132 мың 202 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны 9 миллион 4 мың болды. 

Ресейде коронавирустан 34 мың 850 адам қайтыс болды.  Екі миллион 15 мың 608 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді.

Иранда 43 мың 417 адам коронавирустан қайтыс болды.  Вирус жұқтырғандар саны да 815 мың 117-ге жетті.

Коронавирус салдарынан 1912 адам қайтыс болған, 122 мың 966 адам вирус жұқтырған Жапонияда бас қала Токиода вирусқа қарсы ескерту деңгейі «тарауда» деген төртінші дәрежеге көтерілді.

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандар саны 273 артты.  Барлық өлім-жітім 48 мың 857-ге жетті.  Құрлықтан бір күнде 13 мың 849 адамға вирус жұққаны анықталды.  Вирус жұққан адам саны екі миллион 40 мың 542 болды.  Коронавирустан өлім-жітім ең көп Оңтүстік Африкада тіркелді. Осы елде 20 мың 671 адам қайтыс болды. Мысырда 6 мың 508, Мароккода 5 мың 90 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар