Еуропада әрбір 17 секундта бір кісі қайтыс болады

Әлемдегі ковид науқастарының 28 пайызы - Еуропада.

1531253
Еуропада әрбір 17 секундта бір кісі қайтыс болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа директоры Др. Ханс Клюге Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының коронавирус эпидемиясының ошағы болуын жалғастырғанын айтты.  Ол Еуропада осы вирустан әрбір 17 секундта бір кісінің қайтыс болғанын білдірді.

Клюге видео конференция арқылы өткізген баспасөз мәслихатында барлық ковид науқастарының 28 пайызының Еуропа құрлығында тіркелгенін айтты. Эпидемия салдарынан елдердегі медицина жүйесіне ауыр жүк түскенін білдірген Клюге Еуропада қазір 60 пайыз деңгейіндегі маска киюдің 95 пайызға жеткенде карантин шаралары керек болмайтынын атап көрсетті. Ол Францияда реанимация бөлімдерінің 95 пайызының, Швецияда болса барлығының толы екенін айтты.

«Соңғы бірнеге күн ішінде әсіресе үміт оятқан екі вакцина жөнінде хабарар алдық. Вакциналар коронавирусты толығымен тоқтата алмайды, барлық проблеманы шешпейді, бірақ вирусқа қарсы күресте үлкен үміт отын жақты» деді ол.

Клюге вакцинаның табысты болуы үшін барлық елдерге тең таратылуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар