Бағдатқа зымыран шабуылдары жасалды
Бағдатта жасалған зымыран шабуылында 1 бала қаза тапты, 5 адам жарақат алды.
1529652
Ирактың бас қаласы Бағдатта жасалған зымыран шабуылында 1 бала қаза тапты, 5 адам жарақат алды.
Ирак үкіметіне қарасты Қауіпсіздік медиа желісі жасаған мәлімдемеде Бағдатқа жасалған зымыран шабуылының төртеуінің Жасыл аймақ, екеуінің Қалалық аурухана мен Зевра паркі маңына құлағаны және 1 зымыранның да көгілдір аспанда жарылғаны атап көрсетілді.
Шабуылда 1 баланың қаза тапқаны, 5 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.
Бағдатта Жасыл аймақта АҚШ Өкілетті елшілігі мен басқа да шетелдік өкілеттіктер мен үкіметке тиесілі ғимараттар бар.