Жұмыртқа қант диабетін арттырады екен

Күнде бір немесе одан көп (50 грамға тең) жұмыртқаны жалғасты жеген кісілердің қант диабеті мүмкіндігі 60 пайыз артқаны байқалған.

1528805
Жұмыртқа қант диабетін арттырады екен

Күнде бір-екі жұмыртқа жеу қант диабеті қаупін арттыруы мүмкін.

NewsMedivalLifeSciences хабарына қарағанда Оңтүстік Австралия университетінің Қытай Медицина университеті және Катар университетімен бірігіп жүргізген жұмысында жұмысртқа жеудің қытайлықтарға әсері бағаланған.

1991-2009 жылдар арасында жалғасқан зерттеуде бір күнде бір немесе одан көп (50 грамға тең) жұмыртқаны жалғасты жеген кісілердің қант диабеті мүмкіндігі 60 пайыз артқаны байқалған.

Оңтүстік Австралия университетінің  маманы Др. Минг Ли осы жылдар бойынша Қытайда көкөніс пен дәнді дақыл жеу әдетінің біртіндеп ет, энергиялық азық-түліктерді жеуге өзгергенін айтты.

Ли үнемі жұмыртқа жегендердің саны 2009 жылдары 1991 жылға қарағанда екі есе артқанын байқаған.

Үнемі жұмыртқа жеу мен қант диабеті арасындағы бұл байланыстың әйелдерде айқын байқалғаны да білдірілді.      



Ұқсас жаңалықтар