Германияда мешіттерге шабуыл жасалды

Оқиғалар полицияға білдірілді.

1525078
Германияда мешіттерге шабуыл жасалды

Германияда түрік мешітіне түрлі бояу лақтырылды, басқа бір мешітке де ұры түсті.

Франкфурт қаласы маңында Дін істері Түрік Ислам одағының Еюп Сұлтан мешітінің қабырғаларына қызыл, сары және жасыл бояу лақтырылды. Мешіттің Атқару комитеті төрағасы Бурхан Хызал «Шабуылды кім жасағанын білмейміз. Соңғы кезде мешіттерге осындай шабуылдар көбейіп кетті» деді.

Ол полицияға хабар бергендерін,  өткен жылы да террорлық ұйым жақтаушыларының шабуыл жасағанын еске салды.

Солтүстік Рен Вестфалия уалаятындағы Балве аймағында да Мимар Синан мешітіне ұры түсті. Ұлылар түнде келіп,  мешіттің қақпасы мен терезесінен кіруге талпынған.  Бірақ қақпадағы қауіпсіздік қамерасын көріп қашып кеткен.

Оқиға жөнінде полицияға ақпар берілді.



Ұқсас жаңалықтар